Ақмола облысында бір күн бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 19:55 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында бір күн бұрын жоғалған балықшының денесі су қоймасынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Целиноград аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын 14 сәуір күні сағат 06:00-де 63 жастағы әкесі балық аулауға кетіп, сол күйі оралмағанын хабарлаған.

"Өтініш келіп түскеннен кейін, бірден полицейлер іздестіру ісін бастады және құтқарушылармен бірлесіп ер адамның орналасқан жерін анықтауға бағытталған іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды. 16 сәуір күні жоғалған адамның денесін Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылының маңындағы “Қарасу” су қоймасынан облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері алып шықты", делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта полиция қайғылы оқиғаның мән-жайынын тексеріп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Тәртіп сақшылары балық аулауды ұнататындарға кез-келген су қоймасы, әсіресе көктем мезгілінде қауіпті екенін еске салады. Балық аулауға барғанда, өзіңіздің жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуіңіз және оның ережелерін қатаң сақтауыңыз керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: