Дінмұхамед Қонаевтың жеке хатшысы дүниеден озды
Сурет: Instagram/museumkunaev
Дінмұхамед Қонаевтың ғасыр жасаған жеке хатшысы Зинаида Жукова дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"1964 жылдан 1986 жылға дейін Димаш Қонаевтың жеке хатшысы болып жұмыс істеген Зинаида Петровна Жукова 100 жасқа қараған шағында (26.03.1924 – 4.11. 2023) 4 қарашада бақилық болды. Туыс-туғандарына қайғыра көңіл айтамыз", делінген Қонаев музейінің Instagram-дағы парақшасында.
Дінмұхамед Қонаев - көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, үш мәрте Социалистік Еңбек ері, ҚР Ғылым Академиясының президенті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript