Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы болжамы, 7 қараша, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2023 20:33 Сурет: pixabay
7 қарашада Астана мен еліміздің 9 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде және таңертең Астанада тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. 

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында тұман болуы мүмкін. 

Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз өңірдің батысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады деп болжанады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Қостанайда да тұман болады деп болжанады.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында солтүстік-батысқа ойыса оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні -15-20 м/с, Ақтауда күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: