Астанада 7 бақыт бойынша жаңа автобустар іске қосылды

Астанада 7 бақыт бойынша жаңа автобустар іске қосылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 14:31 Сурет: Алматы әкімдігі
Бұл тұрғындарға қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында жасалды деп мәлімдеді "City Transportation Systems" ЖШС, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құрметті жолаушылар! Қаладағы автобустар саны 11 бірлікке артты. Тұрғындарға қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында, бүгін, 7 қарашадан 7 бағыт бойынша автобустар қосылды"."City Transportation Systems" ЖШС

Нақтысында:

  • №5, 5А, 60, 61 бағыттарындағы автобус саны 1 бірлікке
  • № 45 және № 54 бағыттары бойынша 2 бірлікке
  • № 8 бағытта 3 бірлікке көбейтілді.

Автобустардың қозғалыс кестесіне кішігірім өзгерістер енгізілді. Бұл басқа автобустардың жүктемесін төмендетуге көмектеседі.

"Құрметті жолаушы, жол ақысын төлеп жүруіңізді сұраймыз. Жол ақысын төлеу арқылы сіздер жолаушылар легін нақты есептеуге көмектесесіздер. Ал біз сол көрсеткіш арқылы бағыттарды ұйымдастырамыз", - деп қосты "City Transportation Systems" ЖШС.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: