Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда алғаш рет роботтың көмегімен тізеге ота жасалды

Алматы, робот, ота, тізе аурулары, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 17:36 Сурет: Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханада роботтың көмегімен тізе және жамбас буындарын ауыстыру бойынша алғашқы операциялар жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отаны Мирамбек Жұмағұлов пен ресейлік дәрігер Алексей Шумский жасады. жалпы тізе мен жамбас буындарын эндопротездеу, сондай-ақ тізе буынын бір айдаршықты протездеуді қамтитын алғашқы операциялар жасалды.

"Қарашаның 3-і мен 7-сі аралығында біз Қазақстанда роботтың көмегімен тізе және жамбас буындарын ауыстыру бойынша алғашқы операцияларды жасадық. Біз эндопротездеуге мұқтаж 9 науқасты таңдадық. Үміткерлерді мұқият іріктеу бірнеше ай бойы жүргізілді. Дәрігерлер консилиумы өтіп, жасанды буынды дәл 3D жоспарлау үшін КТ зерттеудің цифрлық нәтижелері АҚШ мамандарына жіберілді. Роботты қолданудың арқасында операция дәл жоспарланғандай - 1 мм-ден аз қателікпен жүзеге асырылады. Сондай-ақ жұмсақ тіндердің жақсырақ сақталуы қамтамасыз етіліп, байлам аппаратының оңтайлы тепе-теңдігіне қол жеткізіледі", - дейді Алматы №4 ҚКА хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мирамбек Жұмағұлов.

Алматы №4 ҚКП директоры Біржан Досмаиловтың айтуынша, бұл технология дамыған елдерде танымал, оны АҚШ, Канада, Жапония, Кореяның жетекші клиникаларында қолданып келеді.

"Бұл инновациялық ортопедия үшін әрі травматологиялық-ортопедиялық көмекті жетілдірудің жаңа кезеңі. Жыл сайын мұндай операцияны қажет ететін науқас саны артып келеді. Мәселен осы жылдың 10 айында біздің ауруханада бір жарым мыңнан астам буын ауыстыру отасы жасалды". Біржан Досмаилов

Роботты пайдаланған кезде емдеу әр науқасқа жеке тәсіл принципі бойынша жүргізіледі, робот операцияға дейін импланттың оңтайлы өлшемін және оны орнатудың нақты орнын таңдай отырып, жасанды буынның дәл 3D жоспарлауын орындайды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: