Жаңалықтар тізбегі
0

"Ақырзаманның белгісі". Мамандар аспанда көрініс тапқан құбылысқа қатысты анықтама берді

Шұғыла, мамандар, ақырзаман белгісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 21:07 Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Жексенбіден дүйсенбіге ауған түні төңкерілген түнгі аспан бірнеше минут бойы түрлі-түске малынып тұрды. 15 минут бойы аспан көздің жауын алардай алқызыл, сары және жасыл түстерге боялды. Ерекше құбылысты Ақмола, Қостанай облыстары мен СҚО тұрғындары байқады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көбісі таң-тамаша болғанымен, енді бірі мұны "ақырзаманның белгісіне" балаған. Алайда мамандар шұғыланы ғарыштағы магнит дауылының қатты болғанымен байланыстырып отыр. Әсіресе ең көп көрінетін жасыл-сары түсті шұғыла оттегі мен Күн молекулаларының өзара әрекеттесуінен жерден 240 шақырым биіктікте пайда болады. Мамандар егер Күн молекулалары азотпен өзара әрекеттессе, қызыл немесе көк түс пайда болатынын айтады, деп хабарлайды КТК

"Күндегі белсенді құбылыстар ғарыш кеңістігінде бөлініп, планетааралық күн материясының, яғни плазмасының көп мөлшерінің таралуына әкелді. Жердің магнитосферасы бұзылса, онда бұл бөлшектер осылайша әртүрлі түрге енеді. Шұғыла зерттеу, біріншіден, Жерге жақын ғарыш кеңістігіндегі процестер туралы ақпарат жинауға, екіншіден, оптикалық сәуле шығарулары бойынша ғарыш бөлшектерінің ионосфераға әсерін анықтауға мүмкіндік береді". Ионосфера институтының ғарыш ауа райын диагностикалау және болжау зертханасының жетекшісі Ольга Крякунова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: