Қазақстанның 10 қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайды – синоптиктер ескертті

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, загрязнение воздуха, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2026 16:45 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 27 қазанда Қазақстанның 10 қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 27 қазанда Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Орал, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Оларға желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның бірнеше облысында ауа температурасы -11°С-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін екенін ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: