Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында жаңа құрылыс нысандары көбеюде

Қызылорда облысында жаңа құрылыс нысандары көбеюде, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2023 12:54 Сурет: freepik
Аймақ басшысы мен Сыр бойының перзенттерінің демеушілігімен облыста біршама құрылыс нысаны бой көтеруде. Осы жылы облыс бойынша 163 жобаның құрылысы жүріп жатыр.

Құрылысқа мемлекеттік бюжеттен де қолдау аз емес. Биыл барлығы 80.9 миллиард теңге қаржы бөлінді. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төреалиев 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында баяндады.

"Құрылыс саласында негізгі екі көрсеткіш белгіленген. Олар құрылыс жұмыстарының көлемі және пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі. Осыған сәйкес, 2023 жылдың 9 ай қорытындысымен құрылыс жұмыстарының көлемі көрсеткіші 116,9 миллиард теңгеге жетті. Ұлттық жоба аясында 1 346 пәтерді құрайтын 26 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан осал топтар үшін 1000 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 жыл ішінде облыста 21 білім нысаны салынатын болады, биыл 10 жайлы мектептің мектептің құрылысы басталды. Білім саласынан бөлек, денсаулық, мәдениет, спорт саласында біршама құрылыс нысандары бой көтеріп, ел игілгіне жұмсалуда", - деді Ерлан Кәрімбекұлы.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: