Жаңалықтар тізбегі
0

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша салынатын мектептердің жиһазы қай жақтан сатып алынады

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы, қазақстандық өндірушілер, ҚР үкіметі, мектеп жиһазы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2023 09:45 Сурет: Zakon.kz
ҚР Үкіметі "Жайлы мектеп" ұлттық жобасына отандық жиһаз және әрлеу материалдарын өндірушілердің қатысуын арттыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жаңалықты 2023 жылғы 9 қараша күні ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Жаңа форматтағы мектептер құрылысы кезінде барлық жиһаз қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынады. Сондай-ақ сыртқы қасбеттерді әрлеуде қолданылатын материалдардың басым бөлігі отандық өндірістің тауарлары болмақ", – делінген хабарламада.

Кәсіпкерлерді қолдаудың қосымша шарасы ретінде ұзақ мерзімді жеткізуді жоспарлауға және тиімді шарттармен жобаны қаржыландыруға мүмкіндік беретін алдын ала келісімшарттарды қолдану қарастырылған.

"Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, салынып жатқан мектептерді жабдықтау үшін жиһаздар мен құрал-жабдықтарға қажетті барлық техникалық шарттарды анықтаған. ҚР Үкіметі қабылдаған өзгерістерді сапалы іске асыру үшін елішілік құндылық үлесінің көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіледі".ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Бұдан бөлек қоғамдық мониторинг жүргізу үшін ақпараттық жүйе әзірленіп жатқаны белгілі болды.

Осылайша, әрбір тұрғын мектеп құрылысының барысын қоғамдық дашборд арқылы бақылауға мүмкіндік алады. Осы мақсатта қазір әрбір объектіде бейнебақылау камералары орнатылып жатыр.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асырылып жатыр. Жоба аясында 740 мың орындық 369 мектеп ашу жоспарланған. Бұл өз кезегінде апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселелерін шешеді.

Ұлттық жобаны іске асыру үшін 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте 2,4 трлн теңге қарастырылған. 2023 жылы 461 мың орындық 217 мектеп құрылысын бастап, оларды келер жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Ал 2024 жылы 279 мың орындық 152 мектеп құрылысын бастап, оларды 2025 жылы ашу жоспарланып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: