Жаңалықтар тізбегі
0

Арал ауданында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қызылордада мектеп құрылысы басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2023 10:26 Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін Арал ауданында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім ордасының іргетасын қалау рәсіміне қатысып, жерлестерін қос мерекемен құттықтады.

"Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында облыста 12 300 орындық 21 мектеп салынады. Соның төртеуі Арал ауданында бой көтереді. Бүгін біреуінің іргетасын өздеріңізбен бірге қалаймыз. Өткен аптада Жаңақорған ауданы мен Қызылорда қаласында, бүгін міне, Арал ауданында білім ошақтарының құрылысын бастадық. Бүгінгі шара - интеллектуал ұлт қалыптастыру жолындағы ортақ ісіміздің жалғасы. 300 орындық білім ордасы озық ойлы, өнерге құштар, спортқа бейім дарынды балалардың шамшырағын жағатын мекен болғай. Ұлтымыздың дамуында маңызды рөл атқаратын бұл жобаның басы-қасында жүрген азаматтарға ісіне жауапкершілікпен қарап, құрылысты сапалы жүргізуді халық атынан аманаттаймын", - деді аймақ басшысы.
Қызылордада жаңа мектеп ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2023 10:26

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Құрылыс алаңында білім саласының ардагері Аманжол Жолмағанбетов бата берді.

Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850 орындық қосымша ғимарат, 5 мектеп пайдалануға берілуде. "Білімді қолдау қоры" есебінен Қызылорда қаласында құны 7,9 млрд теңге болатын физика-математика бағытындағы мектеп-интернат құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Қызылордада жаңа мектеп ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2023 10:26

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс орталығында осы кезге дейін бір ғана "Оқушылар үйі" болса, биыл "ҚазГерМұнай" компаниясының демеушілігімен 2,5 млрд. теңгеге 350 орындық заманауи үлгідегі "Оқушылар сарайының" құрылысы басталды.

Қызылордада жаңа мектеп ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2023 10:26

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оған қоса "Саутс Ойл" компаниясының демеушілігімен Сырдария өзенінің сол жағалауынан 4,8 млрд. теңгеге музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынады.

Қызылордада жаңа мектеп ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2023 10:26

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: