10 қараша күні Алматыны тұман басады

Алматы, тұман, көлік жүргізушісіне ескертпе, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2023 17:15 Сурет: pixabay
Алматыда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, 10 қараша күні түнде және таңертең қалада тұман түседі.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті тұманды жағдайда көлік жүргізушілеріне аса сақ болу керек екенін ескертті. Мүмкіндік болса, сапарды кейінге қалдырып, ауа райының жақсаруын күткен дұрыс.

"Көлікті қауіпсіз жүргізудің басты кепілі – жылдамдықты айтарлықтай төмендету", – делінген хабарламада.

Төтеншеліктер туристер мен демалушыларды таулы аймақтарда қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: