Жаңалықтар тізбегі
0

10 қарашада бірнеше өңірде нөсер жаңбыр жауып, көктайғақ болады

көктайғақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2023 00:03 Сурет: pxhere
Синоптиктер 10 қарашада бірнеше өңірде нөсер жаңбыр жауып, көктайғақ болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Алматыда түнде және таңертен тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. 

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Астанада 10 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.

Шымкентте тұман.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: