Түркістан облысының полицейлері азаматтарға саусақ ізі тіркелетінін ескертті
Саусақ ізін тіркеу процесінің өзі шамамен 5-10 минут алады. Ол азаматтардың жеке басын куәландыратын жаңа құжаттарды (паспорт, жеке куәлік) алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінген кезде жасалады.
Бұл шара заңсыз құжат жасау, құжаттарды бұрмалау болмауы үшін, құжат иесін алаяқтық және басқа да қылмыстық әрекеттерден қорғауға, құжаттарды қалпына келтіру тәртібін жеңілдетуге ықпал ету үшін жасалған.
Сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе ішкі істер департаменттерінің көші-қон қызметі бөлімдерінде құжаттарды қабылдау кезінде 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар ерікті тіркеуден өтеді. Ал 16 жастан асқан азаматтар міндетті түрде саусақ таңбасын тіркеуден өтеді.
Ал дактилоскопиялық тіркеуден өтпеу әкімшілік құқық бұзуға жатады. Сонымен қатар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-1-бабына сай жауапкершілікке әкеп соғады.
Оқи отырыңыз