Алматы полициясы міндетті түрде саусақ ізін тіркеу туралы еске салды
Сурет: freepik
ҚР-ның заңнамасына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарды алған кезде азаматтарды міндетті түрде саусақ ізін тіркеу басталады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (ХҚО) ҰАҚ өңірлік филиалдарында Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері мен төлқұжаттарын рәсімдеу, сондай-ақ шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттарын беру кезінде азаматтардың саусақ іздерін алу жүргізілетін болады. Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар бұл тіркеуді өз еркімен өтулеріне болады.
Саусақ ізін тіркеу қауіпсіздік жүйесін жақсартып, заңсыз құжаттама жасауды жояды.
Саусақ ізі тіркелген болса, құжатты қалпына келтіру әлдеқайда жылдамырақ болады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың міндетті саусақ ізін тіркеуден өтуден бас тартуы ҚР ӘҚбК-нің 443-1 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript