Халық санағын онлайн түрде бастау туралы шешім қабылданды
Қазақстандықтар халық санағына онлайн арқылы қатыса алады, деп хабарлайды zakon.kz.
2021 жылғы санақтың айрықша ерекшелігі болып табылатын жаңашылдықтар жайы Қазақстанның ұлттық санағы жөніндегі арнайы комиссияның алғашқы отырысында талқыланды.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен арнайы комиссия санақ науқанын дайындау мен өткізудің негізгі ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелері шешімімен айналысады.
Халықтың саны, жасы, гендерлік құрамы, урбанизация дәрежесі, табыс деңгейі туралы жинақталған мәліметтер тексерілңп, зерделенген, негізделген басқарушылық шешімдерді қабылдауға негіз болады.
ҚР халық анағын 2021 жылдың 1 қыркүйегінен онлайн бастау туралы шешім қабылданды. Ол 2021 жылдың 15 қазанына дейін sanaq.gov.kz сайтында жүргізіле беретін болады. Оған қолжетімділік тәулік бойына қамтамасыз етіледі. Қазақстандықтар өздері және отбасы мүшелері үшін сауалнаманы толтыру арқылы санаққа өздігінен қатыса алады.
Комиссия онлайн-санақ кезінде ақпараттық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі деп сендіреді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен хакерлік шабуылдардың алдын алу үшін халық санағы бойынша ақпараттық ресурстарға тәулік бойы бақылау жасалады.
Сонымен қатар Смайылов sanaq.gov.kz веб-сайтын Egov.kz веб-порталымен интеграциялау қажеттілігін атап өтті.
Халықты дәстүрлі түрде санаққа тіркеу үшін үй-үйді аралау 2021 жылдың 1 қазанынан 30 қазанына дейін қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, жүзеге асырылады.
Онлайн санағына қатыспағандар қамтылады.
Санақ тіркеушілерге планшеттер үлестіріп беріледі. Бұл адам факторының деректер сапасына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Арнайы мобильді қосымшаның көмегімен интервьюер барлық кіріктірілген арифметикалық және логикалық басқаруларды ескере отырып, сауалнама жүргізе алады, жіктеуіштер мен анықтамалықтарды қолдана алады. Алынған деректер тікелей ортақ дерекқорға жіберіледі.
Санақтың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін 2021 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, қайта құрылымдау және жою және елді-мекендердің құрамдас бөліктерінің атауын өзгерту бойынша ұсыныстарға мораторий енгізу мәселесі қарастырылды.