Сәтбаевта полиция қызметкерлері 23 ақбөкеннің ұшасын тапты

ақбөкен, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2023 22:43 Сурет: видео скрині
Сәтбаев қаласында полиция қызметкерлері 23 ақбөкеннің ұшасын тапты. Атылған ақбөкендерді қаланың аумағында орналасқан жеке үйдің гаражында табылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнын қарау кезінде одан басқа 6 терісі мен 10 ақбөкен мүйізі, 3 тегіс ұңғылы мылтық, 54 патрон, Nissan Patrol маркалы автокөлік табылып, тәркіленді.

33-40 жас аралығындағы үш күдікті ер адам ұсталды, олардан заттай дәлелдемелер тәркіленді, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен  бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: