Павлодар облысында 40 бас жылқыны ұрлағандар іздестіріліп жатыр

жылқы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2023 15:35 Сурет: pixabay
Павлодар облысында 40 бас жылқыны ұрлағандар іздестіріліп жатыр. Жылқылар Шарбақты ауданы Жаңа ауыл маңындағы жайылымдарда қараусыз жайылған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шарбақты ауданының тұрғыны полицияға хабарласып, 2023 жылдың ақпан-қараша айлары аралығында Жаңа ауыл маңындағы жайылымдардан қараусыз қалған 40 бас жылқының ұрланғанын мәлімдеген.

"Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары аталған фактіге қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр".  Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында мал ұрлығының 49 фактісі тіркелген. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: