Павлодар облысында көлікке оқ атқан адам іздестіріліп жатыр

Павлодар облысында көлікке оқ атқан адам іздестіріліп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2024 18:38 Сурет: pixels
Павлодар облысында бейтаныс адам көлікке оқ атқан, полиция күдіктіні іздеуге кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыс орталығында жеке тұрғын үй секторында көше бойымен келе жатқан көліктен бейтаныс бір адам бөтен көлікке оқ атқан сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде жарияланды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде бұл жағдайға қатысты түсінік берді.

"Аталған факті  солтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Белгісіз адам пневматикалық қарудан автокөлікке оқ атқаны анықталды", - деп хабарлады полиция.

Полиция осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: