Жаңалықтар тізбегі
0

Неге Алматыда Астанаға қарағанда жол апаты көбірек болады

Алматы, Астана, жол-көлік оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2023 13:57 Сурет: Zakon.kz
Алматы өңірлер арасында жол-көлік оқиғаларының саны бойынша көш бастап тұр. 10 айда шаһарда 2991 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 84 адам қаза тауып, 3211 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Алайда бұған дейін Бас прокуратура тоғыз айда Астанада небәрі 570 жол-көлік оқиғасы болғанын айтқан. Алматы полиция департаментінің ресми өкілі екі мегополис арасындағы бұл айырмашылық неден туып отырғанын түсіндірді.

"Алматыны елордамен салыстыруға келмейді, өйткені біздің қаладағы көлік саны Астанадан бірнеше есе көп. Алматыда ресми түрде 550 мыңнан астам көлік тіркелген. Сараптама көрсеткендей, қалаға күн сайын тағы 250 мың, кейде 300 мың көлік кіріп-шығады. Мопедтер мен мотороллерлерді есептемегенде, 1 миллионға жуық көлік бар. Осының бәрі жол-көлік жағдайын айтарлықтай қиындатады", – деп түсіндірді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, қалада бейнекамералар көбейіп, жол ережесін бұзуды анықтауда адами фактор мүлдем жойылған. Қазіргі уақытта Алматыда қарсы бағытқа шығып, жалған нөмірді пайдаланатын жол ережесін бұзушыларды және көлік құралын басқару құқығынан айырылған, бірақ оны әлі де жүргізіп жүрген жүргізушілерді анықтауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйе жұмыс істейді. Осы шаралардың бәрі қаладағы көлік қозғалысы жағдайын бақылауға мүмкіндік береді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: