Жаңалықтар тізбегі
0

Арыста 5 жасар қызға сексуалдық сипаттағы әрекет жасаған педофилге үкім шықты

сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2023 23:19 Сурет: Zakon.kz
Арыста 5 жасар қызға сексуалдық сипаттағы қылмыстық әрекет жасаған педофил ісіне сот нүкте қойды. Іс Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот материалдарына сүйенсек, 2001 жылы дүниеге келген сотталушы Арыс қаласында орналасқан №37 үйдің тұрғыны. Ол өзінің пәтерінен шығып, №39 мекенжайда орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің алдына келген, деп жазды otyrar.kz.

Бірінші сыртқы есіктің кіре берісінде (подъезд) 5 жасар қыздың жалғыз өзі ойнап жүргенін көріп, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасау қылмыстық пиғылы пайда болған. Содан көпқабатты тұрғын үйдің баспалдақ дәлізіне кіріп, 2-қабаттан 3-қабатқа көтерілетін баспалдақтың орта бөлігіндегі алаңшаға бүлдіршіннің қолынан жетектеп алып барып, ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізген. Кейін жас қызға сексуалдық сипаттағы қылмыстық әрекетін жасаған.

Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындаған және оқиға болған кезде ішіне "жын кіріп кетті" деп жауап берген.

"Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады. Сонымен қатар сотталушы педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ". Түркістан облыстық соты

Еске салайық, көптің жағасын ұстатқан оқиға биыл мамыр айының 21-і күні күндізгі уақытта болған. Арам пиғылын іске асырған соң жас жігіт көпқабатты үйдің подъезінен шығып, темекі сатып алу үшін дүкенге барған. Ал бүлдіршін қыздың әкесі көпқабатты үй алдында өз көлігін жөндеп жатқан. Осы кезде жас қыз әкесіне болған оқиға мен тамағы ауырып жатқанын айтқан. Күдікті сол уақытта ұсталып, дереу қамауға алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: