Жаңалықтар тізбегі
0

Салтанат Нүкенованың туыстары: Бишімбаевтың інісі не полиция, не дәрігер шақырмаған

Салтанат Нүкенова, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2023 01:56 Сурет: instagram/aitym
Марқұм Салтанат Нүкенованың туыстары Астана полиция департаменті бастығының тікелей қабылдауына кірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марқұмның ағасы, Павлодардың экс-әкімі Қайрат Нүкенов бар сауалды департамент бастығына "тіке қоя алдық" деп отыр.

Ол бұл туралы КТК телеарнасына берген сұхбатында айтты.

"Полиция департаментінің бастығына кірдік. Сұрақтардың барлығын қойдық. Адамның басына салмасын, қазіргі күйімізді сөзбен айтып жеткізу оңай емес. Салтанаттың ата-анасына тіптен ауыр. Еңсесін көтере алмай жатып қалды. Бауырлары жүгіріп жүрміз жан-жақтан. Күдікті қайтсе де жазасын алса дейміз. Қанша дегенмен тамыр-танысы көп қой. Сот-медициналық сараптаманың да қорытындысын тездетіп қолға алатын болдық". Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов

Марқұмның туыстары Бишімбаевқа ас-суын тасып, мейрамханадағы видеоны өшіруге ат салысқан экс-министрдің інісін де жазалауды сұрап отыр.

Нүкеновтар отбасы Бишімбаевтың інісі аяушылық танытып, дәрігерлерді ерте шақырғанда "Оны аман алып қалар ма едік" деп отыр.

"Бишімбаевтың інісі ағасының әйелін қан-жоса етіп сабағанын көріп, не полиция шақырмаған, не дәрігерге хабар бермеген. Бұл не деген жауыздық. Нағыз қылмыскердің сыбайласы дер едім. Сол үшін оған да қатаң жаза беруді талап етеміз". Қайрат Нүкенов

Еске салайық, 2023 жылғы 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Қайғылы оқиға астанадағы Bau мейрамханасында болды.

Кейінірек Салтанат Нүкенова қаза тапқан "Гастро-центр" директоры да қамауға алынғаны белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: