9 айда Қазақстанға тұруға келгендер саны сыртқа кеткен адам санынан көп

9 айда Қазақстанға тұруға келгендер саны сыртқа кеткен адам санынан көп, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2023 12:39 Сурет: unsplash
Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаевтың мәліметінше, биыл елімізде 9 айда 291 мың адам дүниеге келген.

"Халықтың табиғи өсімі – 194,8 мың адам болды. Бұл орта есеппен бір айда 22 мың адам немесе күніне шамамен 750 адам деген сөз.

Сонымен қатар биыл 9 айдың қорытындысы бойынша оң сальдо байқалып отыр – +6 404 адам. Яғни, елімізге тұрақты тұруға келген адам саны сыртқа кеткен адамға қарағанда көп", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Облыстар бойынша тұрғындардың ең көп саны:

  • Түркістан облысында – 2,1 млн,
  • Алматы облысында – 1,5 млн,
  • Жамбыл облысында – 1,2 млн адам.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: