Астана қаласы әкімдігі Қазақстан-Сан-Марино матчы алдында үндеу жасады
Сурет: Автопарк №1
Осы жұма, 17 қарашада "Астана Арена" стадионында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Сан-Марино құрамасы арасында матч өтеді. Осыған орай елорда әкімдігінің баспасөз қызметі арнайы шаттл-автобустары қатынайтынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Матчтың басталуы – сағат 21:00-де.
"Осы күні "Астана Арена" стадионына жүретін қоғамдық көліктің жұмысы күшейтіледі", делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін және жолдарда көлік кептелісін азайту мақсатында Астананың 5 тұрақ торабынан сағат 19:30-да арнайы шаттл-автобустары жүреді:
- "Астаналық цирк" автотұрағы;
- "Қазақстан" СК автотұрағы;
- "Әзірет Сұлтан" мешітінің тұрағы;
- "Әбу Насыр әл-Фараби" мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
- "Жастар" сарайы тұрағы.
"Ойын аяқталғаннан кейін футбол жанкүйерлері сондай-ақ, қосымша №№ 10, 12, 21, 26, 27, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және № 303 қала маңы бағдарларымен кете алады. Автобустар Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамаларда күтеді", делінген хабарламада.
Футбол матчын өткізу кезінде барлық автокөлік жүргізушілеріне қоғамдық көлікті пайдалану ұсынылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
