ІІМ басшысы әріптестеріне өзінің жаңа орынбасарын таныстырды
Сурет: polisia.kz
Ішкі істер министрі Ержан Саденов полиция ведомствосының орталық аппараты қызмет басшыларына өзінің жаңа орынбасары Айдос Рысбаевты таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Айдос Какашаұлы 1998 жылдан бастап құқық қорғау органдарында жұмыс істейді. Үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Жедел қызметкерден бастап ІІМ құрылымдық бөлініс басшысына дейінгі барлық сатылардан өтті. Сіздің кәсібилігіңіз бен еңбекқорлығыңыз біздің жас қызметкерлерімізге үлгі болады деп ойлаймын", - деді Ержан Саденов.
Министр оған жаңа қызметте сәттілік пен табыс тіледі.
Айта кетейік, Айдос Рысбаев Мемлекет басшысының өкімімен Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Полиция полковнигі жедел қызметтерге жетекшілік етеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript