Павлодарлық полицейлер 23 жыл бұрын қызды зорлаған адамды ұстады
Сурет: pexels
Павлодарлық полицейлер 23 жыл бұрын қызды зорлаған адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті тәртіп сақшылары Ресей Федерациясының екі азаматының орналасқан жерін анықтап ұстады. Қылмыскерлер ұзақ жылдар бойы іздеуде жүрген, деп жазды pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
57 жастағы ер адам 2000 жылы Ресей Федерациясының Омбы қаласында 17 жастағы қызды зорлаған, ал 69 жастағы әйел 1999 жылы Ресейде есірткі қылмысын жасаған. Осы жылдар ішінде екеуі де жасырынып, тұрғылықты жерін ауыстыра берген.
"Адамдарды іздестіру үздіксіз жүргізіледі. Жедел қызметкерлер қабылданған шаралардың нәтижесінде олардың орналасқан жерін анықтады. Қазіргі уақытта экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешілетін болады". Криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript