Қазақстанда тағы бір кәсіби мереке күні пайда болды

Азаматтық авиация, кәсіби мереке, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2023 19:30 Сурет: pixabay
2023 жылы 17 қарашада Кәсіби мерекелердің тізбесі қайта бекітілді, оған сәйкес 1 ақпан Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні болып белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтық авиация комитеті бұл ұсыныс Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация соғысы және еңбек ардагерлерінің Біріккен Кеңесінен келіп түскенін хабарлайды

"ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті осы мерекені айқындау бойынша барлық тиісті жұмыстарды атқарды және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бастаманы қолдады". Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі

Бұл кәсіби мереке Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметке ерекше мән береді және мемлекеттің жас авиаторларының патриоттық рухын дамытуға түрткі болатынын атап өткен жөн.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: