Қазақстан күнтізбесінде тағы бір мереке күні пайда болды
novostipmr.com
Қазақстанда 22 желтоқсан Архивші күні болып бекітілді.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізілді, деп хабарлады zakon.kz.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы1 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 48-тармақпен толықтырылсын: "48. Архивші күні – 22 желтоқсан", делінген primeminister.kz сайтында жарияланған Қаулы мәтінінде.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript