Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавлда патрульдік полицейлер өрт шыққан үйден екі зейнеткерді аман алып шықты

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2023 10:18
Патрульдік полицейлер Петропавлдағы ықшам ауданда шыққан өрттен екі зейнеткерді аман алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 қараша күні сағат 11:05 кезінде Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жәнібек Әнуарбеков пен Қанат Балтабаев Жас өркен ықшам ауданындағы жеке сектордан шығып жатқан қою түтінді байқап қалған.

Инспекторлар түтіннің Ертіс көшесіндегі бір-біріне қосылып салынған көппәтерлі үйден шығып жатқанын анықтады. Олар дереу өрт сөндіру қызметін шақырып, 70 және 71 жастағы ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өрттен құтқарып, газ баллонын алып шықты.

Өрт сөндірушілер тез арада тиісті шаралар қабылдап, болжам бойынша өрттің электр желілерін пайдалану қағидаларын бұзудан пайда болғанын анықтады. Полиция мен өрт сөндірушілердің бірлескен сауатты іс-қимылының арқасында ешкім зардап шекпеді.

Өрт толық ауыздықталғаннан кейін Жәнібек Әнуарбеков пен Қанат Балтабаев өздеріне бекітілген учаскеде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: