Алматыда туристерге жаңа "құжаттар" беріледі
Сурет: Zakon.kz
Алматыда Recommended by Visit Almaty өңірлік стандартын енгізу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Алматының туристік тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралар туралы баспасөз конференциясы барысында Almaty Tourism Bureau басшысы Камила Лұқпанова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы бағдарлама аясында алматылық туристер екі жаңа "құжатқа" ие болады:
- Almaty PASS туристінің бірыңғай билеті, ол бағдарламаға енгізілген көрікті жерлер мен экскурсияларға еркін баруға және қаланың мәдени және ойын-сауық нысандарына барған кезде уақыт пен қаражатты 50%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді;
- туристің төлқұжаты, оны Visit Almaty ақпараттық орталықтарынан алуға болады. Паспорттың көмегімен туристер Алматыда оңай жүре алады (қайда бару керек, не көру керек), қаланың негізгі көрікті жерлеріне, орындарға бару туралы белгі қоя алады.
Бұған қоса Алматыда мейрамханалар, кафелер, кофеханалар анықтамалығының баспа нұсқасы – Алматы бойынша ГастроГид құру жоспарланған.
Спикердің айтуынша, бағдарлама көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және туристік ағымды арттыру үшін сала субъектілерін біріктіруге бағытталған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript