Алматыда атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа ережелері дайындалып жатыр

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 12:18 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда ауаны жақсарту және көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында кешенді шаралар қолға алынды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, әкімдікте алғаш рет алматылық агломерацияда ластаушы заттардың рұқсат етілген деңгейіне зерттеу жүргізілді. Оған қала аумағымен бірге 10 шақырымдық радиустағы көлік, жеке үйлер мен моншалар да енгізілді. Нәтижесінде жылына 225 мың тоннадан астам шығарындылар тіркелді, оның 189 мыңы Алматыға тиесілі. Ластанудың 60%-ға жуығы көліктен келеді.

"Қалада күн сайын 1,1 млн-нан астам көлік жүреді. 2030 жылға қарай Алматы халқы 2,5 млн адамға жетіп, әр мың тұрғынға 311 көліктен келмек. Бұл жағдай қоғамдық көлікті – метро, LRT, BRT, аспалы жолдар және өзге бағыттарды жедел дамыту қажеттігін көрсетеді", – деді Алмасхан Сматлаев.

Белгілі болғандай, 2025 жылдан бастап автокөлік шығарындыларына қатысты заңнама күшейтілді: енді шектен тыс ластауға ескерту жасалмайды, бірден айыппұл салынады. Қайталанған жағдайда жеке тұлғаларға – 10 АЕК, заңды тұлғаларға – 100 АЕК, ал өрескел бұзушылық үшін тиісінше 20 және 200 АЕК айыппұл қарастырылған.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, қазір атмосфералық ауаны қорғау ережелерінің жобасы дайындалып жатыр. Құжат тиісті органдармен келісілген соң жыл соңына дейін мәслихаттың қарауына ұсынылады. Ол қаладағы экологиялық қауіпсіздікті арттыруға, тұрғындарға таза әрі қолайлы орта қалыптастыруға және ауаның ластануын азайтуға бағытталған.

Бұған дейін Қазақстан шекарасынан жүк көліктерін өткізуге арналған төлем мөлшері бекітілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: