Алматыда танымал курьерлік қызмет көрсету платформасы арқылы алаяқтық жасағандар ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2023 14:54 Сурет: Zakon.kz
"Киберпол" қызметкерлері 23 және 21 жастағы сырттан келгендердің алаяқтық әрекеттерін әшкереледі.

Жедел бөлімшенің мәліметінше, олар жеткізу қызметін көрсетуге арналған қосымшаны пайдалана отырып, 50-ден астам жалған аккаунт тіркеген, содан кейін өздерінің тапсырыстарын қабылдаған, олар үшін әр жеткізілімнен бонус түрінде ақша алып, сол арқылы 2 миллион теңгеден астам сомманы жымқырған.

"Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша жедел-тергеу іс- шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Игорь Пудовкин.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сонымен қатар полицияда 20 қараша мен 22 қараша аралығында Алматыда интернет-алаяқтықпен күресу шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған "Hi-Tech" жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын еске салынды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: