Жаңалықтар тізбегі
0

Астана полицейлері гашиштің ірі партиясын тәркіледі

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2023 14:42 Сурет: ҚР ІІМ
Елордалық полиция қызметкерлері есірткі өткізу арнасының жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала аумағында есірткі құралдарын жеткізуге және өткізуге қатысы бар екі адамды анықтады.

Олардың бірі – 30 жастағы ер адам. Жеке тінту кезінде одан 10 кг гашиш есірткі заты салынған спорттық сөмке табылып, тәркіленді. Жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері оның сыбайласының ізіне түсті.

Тілендиев көшесінде BMW автокөлігі тоқтатылды. 29 жастағы ер адамнан 205,90 грамм гашиш есірткі заты салынған орам тәркіленді.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен "Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу" сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер қамауға алынды.

Астананың полиция қызметкерлері ағымдағы жылдың басынан бері 218 есірткі қылмысын ашты, оның ішінде 135 өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 265 кг түрлі есірткі тәркіленді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: