ҰҚК жедел шарасы: бес облыста көлік инспекторлары жүргізушілерден ақша бопсалағаны үшін ұсталды
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
ҚР Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бір топ қызметкерін ҰҚК Қазақстанның бес қаласы мен облысында ұстады. Ұсталғандар жүк көлігі жүргізушілерінен жүйелі түрде ақша бопсалады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылғы 21 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында жедел-тергеу шараларының шеңберінде Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшыларын ұстады.
Олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты жүйелі түрде бопсалағандары үшін күдікті болуда.
Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жариялануға жатпайды." ҰҚК баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript