Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда полицейлері жоқ көліктерді сатқан алаяқты қолға түсірді

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2023 17:58 Сурет: ҚР ІІМ
Осы жылдың 20-22 қараша аралығында Қызылорда облысы аумағында "Hi-tech" жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды ашудың алдын алуға бағытталған.

Бұл шара барысында полицейлер алаяқтық жасаған бұрын сотты болған қала тұрғынын ұстады.

27 жастағы азаматша интернет желісіндегі автокөлік сататын жарнама сайтына жалған жарнама жариялап, көлікті сатып алуға қызығушылық танытқан желі қолданушыларынан жарнаманы алып тастау үшін алдын ала қаражат жіберуін сұраған.

Осылайша, оңай олжа көздеген әйел жоқ көліктерді сатқан. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдікті азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті азаматша қамауға алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: