Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Жетісу облысының таулы аймақтарында күндіз тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні облыстың солтүстік-шығысында 15-20м/с, 23-28 м/с болады.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Жел солтүстік-батыстан, түнде солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с. Ақтауда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде бұрқасын болады. Облыстың батысында тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 9-14 м/с, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Қызылордада оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында көктайғақ болады.
Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түседі.
Қарағанды облысының шығысында түнде көктайғақ болжанды. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с болады. Қарағандыда түнде көктайғақ болады.
Ақмола облысында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысын және солтүстігін тұман басады.
Қостанайда көктайғақ, тұман, бұрқасын болады.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, күндіз кей жерлерде 25 м/с. Жезқазған, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түнде Абай ауданының оңтүстігінде тұман, облыстың солтүстігі мен батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыс орталығында және оңтүстігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, солтүстікте, оңтүстік-шығыстан соғатын жел 15-20, екпіні 23 м/с.
Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында көктайғақ, облыстың солтүстік жартысында бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 15-20, облыстың солтүстігінде кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Бұған дейін синоптиктер 23 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтқан еді.