Жаңалықтар тізбегі
0

Қауіпсіздік бәрінен жоғары: Алматыда ШААЖ бойына тротуар жасалды

Қауіпсіздік бәрінен жоғары: Алматыда ШААЖ бойына тротуар жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2023 09:25 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұзындығы 190 метрлік тротуар Алматы қаласының Медеу ауданындағы ШААЖ бойымен жанармай құю станциясынан аялдама кешеніне дейін жасалды.

Бұрын тротуар болмаған, жаяу жүргіншілер жол бойымен жүретін еді.

"Мен бұл жолмен жүремін, осында жұмыс істеймін. Бұрын жолдың шетімен жүретінбіз, көліктің астына түсуден қоқатынбыз. Жаңбырлы ауа - райында жол тайғақ болатын. Бәррімізге жайсыз еді. Қазір жақсы болды, барлығына ыңғайлы", - деп атап өтті Алматы қаласының тұрғыны Смағұл Маусымбаев.

Жоба Медеу ауданы әкімінің аппаратымен "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша іске асырылды. Ауданда осы бағдарлама бойынша барлығы 44 жоба қолға алынған. Бүгінде 34-і бойынша жұмыс аяқталды. Қалғандары осы жылдың қараша айының соңына дейін орындалады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: