Жасөспірімнен ақша бопсалаған студент анықталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2023 09:51 Сурет: ҚР ІІМ
Жасөспірімнің құрдасынан қомақты сомада ақша бопсалағаны анықталды. Бопсалау фактісін Риддер қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы анықтады.

15 жасар бала осы жылдың маусым айынан бастап басқа оқу орнының 3 курс студенті одан ақша бопсалағанын айтқан.

Бес ай ішінде жәбірленуші күдіктіге 175 мың теңге берген. Қазіргі уақытта полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, айыппұл немесе төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: