Алматы облысында оқушы бала жүріп бара жатқан автобусты тоқтатып, жүргізушіні апаттан аман алып қалды

Алматы облысы, оқушы, автобус, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2023 14:58 Сурет: Instagram/gres_info
Әлеуметтік желіде Алматы облысы Қарасу ауылында сегізінші сынып оқушысы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған кезде автобусты тоқтатып, апаттың алдын алғаны жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 қарашада №219 бағыттағы автобус жүргізушісінің аяқ астынан жүрек талмасы ұстап, есінен танып қалған. Бағыттан ауытқыған автобус сол маңдағы үйлердің біріне соғылатын еді. Алайда оқушы бала автобусқа жүгіріп кіріп, дер кезінде тежегішті басып үлгерген.

Әлеуметтік желідегі ақпаратта баланың есімі Ақжол екені және оның №24 лицейде оқитыны айтылған.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: