Алматы облысында 8-сынып оқушысы автобус толы жолаушыларды аман алып қалды
Сурет: Instagram/lyceum24
Өтеген батыр ауылындағы №24 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы Ақжол Герой мінген автобустың жүргізушісі өзін жайсыз сезініп, рөлге ие бола алмай қалғанда шалт әрекет еткен. Ол дер кезінде тежегішті басып үлгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Оқыс оқиға 22 қарашада мектептен қайтар кешкі уақытта болған.
"8-сынып оқушысы Герой Ақжол Нұрланұлы мінген 219-шы автобустың жүргізушісі кенеттен есін жоғалтып, талып қалған. Өзінің ғана емес барлық жолаушылардың өміріне қауіп төнгенін түсінген батыл бала дереу іске көшіп, ойланбастан автобус рөліне жармасыпты. Сөйтіп, тежеуішті дер кезінде басып үлгеріп, барлық жолаушылардың өміріне төнген қауіпке тосқауыл болған", делінген оқушы оқитын №24 мектеп-лицейдің Instagram-дағы парақшасында.
Сондай-ақ желідегі хабарламада оқушы жайлы да аз-кем мәлімет беріле кетіпті.
"Ақжол лицейіміздің 8-е сыныбында оқиды. Өтеген батыр ауылының Қарасу ықшам ауданында тұрады. Ол дәстүрлі отбасында ата-әже, әке-анасымен, бауырларымен бір шаңырақ астында өсіп келе жатқан, көп балалы отбасынан шыққан үлгілі оқушы. Ақжол әрдайым жасы кішілерге, қыздарға қамқор болып жүретін, ұстаздарға да құрмет пен ілтипат көрсететін тәрбиелі оқушы. Өз ісіне тиянақты, ақкөңіл, алғыр оқушымыздың осындай батыл қадамға барған жанкешті әрекеті әркімді тәнті етері сөзсіз".
Сондай-ақ Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев оқушыны құттықтап, ноутбук, тәтті толы кәрзеңке сыйлаған, сондай-ақ осындай тамаша баланы тәрибелеген ата-анасына алғыс хат та табыстапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript