Астанада 8-сынып оқушысы мектепте төртінші қабаттағы терезеден секіріп кетті
Сурет: gov.kz
17 сәуірде № 72 мектеп-лицейдің сегізінші сынып оқушысы білім ордасының төртінші қабатындағы терезеден секіріп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласы білім басқармасының мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем көлігі шақырылды, қазіргі уақытта бала ауруханада жатыр.
"Зардап шеккен жасөспірімнің миы шайқалған, кеуде және қарын тұстында жарақаттары бар, оң иық асты сүйегі мен оң аяғы сынған. Жалпы жағдайы ауыр (алған жарақаттарына байланысты), тұрақты деп бағаланады. Баланың жағдайы дәрігерлердің бақылауында", делінген хабарламада.
Қазір оқыс оқиғаға не түрткі болғаны анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
Айта кетсек, 12 сәуірде Ақтөбеде спорт мектебінің 8-сынып оқушысы көз жұмғаны хабарланды.
15 сәуірде Ақтөбеде спорт мектебі оқушысының өліміне байланысты үш қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript