Ақтөбеде спорт мектебінің оқушысы қайтыс болғаннан кейін үш қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде спорт мектебінің оқушысы қайтыс болғаннан кейін үш қылмыстық іс қозғалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2024 14:27 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе полициясы Есет батыр атындағы олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушісінің қайтыс болу фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 сәуірде белгілі болғандай, үш қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр: бұзақылық, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, адам өліміне әкеп соқтыру фактілері бойынша.

"Сондай-ақ спорт мектебінің педагогтары мен басшылығына қатысты міндеттеріне бей-жай қарағаны үшін, қазіргі уақытта аталған мектептің екі күдікті тәрбиеленушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", – деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Еске салайық, 12 сәуірде Ақтөбедегі Есет батыр атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде сегізінші сынып оқушысы құлап, есінен танып, артынша қайтыс болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: