Алаяқ қарағандылық тұрғындардан 86 млн теңге иемденіп, бәстен ұтылып қалды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2023 12:49 Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облыстық полиция департаментіне қала тұрғынынан арыз түскен. Жәбірленуші жеке кәсіппен айналысып, компьютер құралдары үшін тиімді бағаға тендер болып жатқаны туралы білген.

Бұндай ақпаратты өзін кәсіпкермін деп таныстырған азамат бірнеше жерде жариялаған. Сондықтан оның ұсынысы жәбірленушіні де қызықтырған.

Алайда тендерге қатысу үшін сатып алушы хабарлама берген адамның есеп-шотына ақша аудару қажет болған.Жәбірленуші көрсетілген есеп-шотқа 41 миллион 500 мың теңге ақша аударған. Ақшаны алғаннан кейін, серіктес байланысқа шықпай, барлық байланыс нөмірлерін өшіріп тастаған.

Алданғанын түсінген, жәбірленуші бірден полицияға хабарласқан.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті алаяқтың жеке басын анықтады. Ол 23 жастағы Қарағандыдағы мекемелердің бірінің заңгері екені белгілі болды. Ол жәбірленушіні алдағаны туралы толық мойындау көрсетпе белгілерін берді. Жәбірленушіден алған ақшаларды күдікті букмекерлік кеңседе ақша тігуге салып жіберген", – дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында күдіктінің осыған ұқсас 12 қылмысқа қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 86 миллион 400 мың теңгені құрап отыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: