Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы тізгін қақты

Ұлттық жоба, Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту, Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2023 21:37 Сурет: Қызылода қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша Қызылорда облысы "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыруға кірісті.

Ұлттық жоба 2023-2024 жылдары 300 мыңнан аса ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің деңгейін көтеру және  медициналық көмекті уақытылы көрсету үшін "алтын уақыт" қағидатын сақтау сияқты басқа да бағыттарды көздейді.

Ұлттық жоба аясында ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту бойынша 27 нысанның құрылысы салынбақ (24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет). Биылғы жылы 16 нысанның құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, 2024 жылға жоспарланған 11 нысан құрылысының  жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамаға енгізіліп, қаралу үстінде.

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту, ұлттық жоба, Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2023 21:37

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылға қарай Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған ауданаралық ауруханаларын "Көп бейінді ауданаралық аурухана" деңгейіне жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Жоспарланған төрт көпбейінді ауданаралық ауруханаларда инсульт және кардиологиялық орталықтар, медициналық оңалту, травматология, хирургия, реанимация және қарқынды терапия бөлімдері, триаж жүйесі бар жедел жәрдем бөлмесі ашылып, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен (КТ МРТ, ангиограф, сараптамалық дәрежедегі ультрадыбыстық, эндоскопиялық, реанимациялық жабдықтар, медициналық оңалту және т.б.) жабдықталатын болады.


Қан орталығы, Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2023 21:37

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Қызылорда қаласында медицина ұйымдарын сапалы қанмен қамтамасыз ету мақсатында  2,9 млрд теңгеге қан орталығының құрылысы жүргізілуде.

"Қазақстан халқына қоры" арқылы да бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, онкологиялық скрининг жүргізуге арналған құны 1,1 млрд теңгені құрайтын екі жылжымалы медициналық кешен өз жұмысына кірісті.

Кешен шалғай елдімекендердегі тұрғындардың жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға, орташа өмір сүру жасын ұзартуға мүмкіндік береді.

Жылжымалы медициналық кешен, Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2023 21:37

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мобильді бригада құрамы онколог, ультрадыбыстық зерттеу, сәулелік диагностика дәрігерлері, рентген-лаборант және т.б 12 маманмен қамтылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: