"Қытайдан ақша тауып жатырмыз": Атыраулық әже табысының сырын айтты
Сурет: pixabay
TikTok-та "Батыстың әжесі" атымен танылған атыраулық Хадиша Аймұхамбетқызы бүгінде компанияға ресми жұмысқа орналасып, батл ойнап, табыс тауып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК арнасының хабарлауынша, тиктокер әже Атырау қаласы Еркінқала ықшамауданында тұрады. Әжей бұл әлеуметтік желіге бір ай бұрын ғана тіркелген, дегенмен аз уақыт ішінде ауқымды аудитория жинап үлгеріпті. Әжеге TikTok-тің тілін балалары үйретіпті.
"Бұл TikTok-тің зияны жоқ екен. Балаларға бар білгенімді айтамы... Енді TikTok-ті қарайтын немерелеріміз, сосын жастар ғой. Үлкендерден көп ешкім қарамайды. Сосын ақша тауып отырмын. Оны несін жасырайын? Мұның зияны жоқ екен. Қытай өзі біледі екен бірдеңені. Ойыншықтың да, киімнің де бәрі Қытай боп кетті ғой. Енді TikTok та Қытай. Сол Қытайдан ақша тауып жатырмыз. Қазір қызыл тілімнің пайдасын көріп, сайрап отырмын TikTok-та. TikTok-тан зиян көріп жатқан жоқпын. Сол, TikTok-қа 3 қарашада ақи-тақи шығып кеттім", – дейді Хадиша Аймұхамбетқызы.
@user8238109239567 ♬ оригинальный звук - 💎Batystyn💎azhesi💎
Әже желіге кіргенде шетелден де көрермен қосылып, қолдау білдіреді екен.
"Сонау шетелден, Грузия, сол жақтың балалары бар. Келіп, айқайлап, қолдап кетеді: "Әже, әжелеріңді құрметтеңдер" деп. Өзіміздің қазақтар, обалы не керек, жақсы жастар. Батл ойнағанда мені көріп қалса, "о, әжемен ойнаймыз" деп мәз болады. Сосын менен ақыл сұрайды. Бата сұрайды. Бар білгенімді айтамын ғой. Жетпіс жыл естіген, көргенімді айтамын", – дейді TikTok-та танымал әже.
Әженің батлдарын көрген TikTok-тің Қазақстандағы агенттіктері оны қосымша табыс табуға шақырған. Әжей агенттіктің кеңсесіне барып, батл ойнап тұрады. Әжейдің әмиянына біраз қаржы түскен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript