Жаңалықтар тізбегі
0

Атыраулық ұстаз оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын TikTok арқылы арттыруда

TikTok , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2022 15:54 Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Атыраулық ағылшын тілі мұғалімі Ислам Қадыров TikTok платформасына мектептегі сабақтарының бір бөлігін жариялайды. Сабақтағы шығармашылық тәсіл мен ойындар мұғалімнің оқушылармен жақсы байланыс орнатуына, шет тілін үйренуге қызығушылықтарын арттыруға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ислам Қадыров Атыраудағы №41 мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол сабақта ойын тәсілін қолданады. Соның арқасында ұстаздың сабақтары әрдайым қызықты өтеді. Оқушылардың ата-аналарының айтуынша, Ислам Қадыров келгелі ағылшын тілі балалардың сүйікті пәндерінің біріне айналған.

Ұлым 4-сыныпта оқиды. Маған мұғалімнің сабақты өткізу тәсілі мен әдістемесі ұнайды. Бұрын сабаққа барғысы келмейтін ұлым енді мектепте ағылшын тілі ең сүйікті пән екенін айтады. Басқа балалардың да ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтары артты. Балалар мектепке қуана барып, әрқашан жақсы көңіл-күймен оралады. Бұл жақсы көрсеткіш деп ойлаймын, – дейді балалардың ата-аналарының бірі.

Ислам Қадыров алты жылдан бері ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келеді. Айтуынша, бала кезінен ұстаз болуды, алған білімін балалармен бөлісуді армандаған.

Ұстаздың TikTok-тағы парақшасына жазушылар саны шамамен 5 мыңды құрайды.

TikTok , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2022 15:54

Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: