Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тіліндегі цифрлық жобаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге шақырды

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 12:26 Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Х құрылтайында қазақ тілін өздігінен үйренуге көмектесетін цифрлық өнімдерді, балалардың тілін дамытуға арналған фильмдер мен ойындарды көбейту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бірақ тілдің болашағы тек сөздік пен оқулыққа байланысты емес. Адам қай тілде ақпарат іздеп, фильм көріп, білім алса, сол тілдің әлеуеті күшейе түсетіні анық. Сондықтан цифрлық кеңістікте қазақ тіліндегі сапалы әрі тартымды өнімдерді көбейту – аса маңызды міндет. Әсіресе, қазақ тілін өздігінен үйренуге мүмкіндік беретін ІТ-өнімдер, балалардың тілін дамытуға арналған фильмдер мен ойындар көп болуы қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазақ тіліндегі контенттің тақырып аясын кеңейтуге де тоқталды.

"Қазақша ақпараттың аясы, яғни қазіргі тілмен айтсақ, қазақ тіліндегі контенттің ауқымы мейлінше кең болғаны дұрыс. Ғылым, технология, мәдениет, кәсіпкерлік, спорт және басқа да өзекті тақырыптар бойынша сапалы өнім әзірлеген жөн", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды қолдау үшін арнайы жұмыс тобын құруға болатынын айтты.

"Жалпы, осындай жобаларға мемлекет тарапынан нақты қолдау көрсету қажет. Бұл мәселе бойынша арнайы жұмыс тобын құруға болады. Осы маңызды іске „Қазақ тілі" қоғамының басшысы Рауан Кенжеханұлы және қоғамның мүшелері зор үлес қосары күмәнсіз. Сайып келгенде, тіліміздің болашағына бәріміз бірдей жауаптымыз. Әрқайсымыз қазақ тілінің тұғырын нығайтуға атсалысуымыз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: