Қазақстанда 90 жүкті әйел қызылша жұқтырған

Қызылша, Қазақстан, жүкті әйелдер, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 21:47 Сурет: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 29 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде жүкті әйелдер қызылша жұқтырса, не істеуге болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылша ауруы жүктілікті жасанды жолмен үзуге негіз бола алмайды, - деді Ажар Ғиният.

"Қызылша ауруы жүктілікті үзудің көрсеткіші болып саналмайды. Ең қорқыныштысы - ұрыққа жұқпалы әсері бар қызамық. Сондықтан бүгінгі күні мұндай көрсеткіштер жоқ. Қызылшамен ауырған барлық жүкті әйел толықтай бақылауда", - деді министр.

Ведомство басшысы атап өткендей, дәрігерлер сәбилердің де, ана өлімінің де алдын алу үшін жағдайы ауыр балаларды да жіті бақылауында ұстауда. 

"Бүгінде жүкті әйелдер арасында мұндай ауыр жағдайлар жоқ", - деп сөзін түйіндеді Ажар Ғиният.

29 қарашада Ажар Ғиният қызылшаға қарсы екпе салдыртқысы келетіндерді вакциналау тегін жүргізілетінін мәлімдеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: