Қар, көктайғақ: қыстың бірінші күні Қазақстанда күн райы қандай болады
![Қазақстан, ауа райы болжамы ,қар, боран, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2023 17:41](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-11-30/file-6cb686fe-8c1e-441b-94e7-f349d5cceef5/800x450.webp)
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың батыс, солтүстік және шығыс облыстарындағы күн райына циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Сондай-ақ көктайғақ пен қарлы боран болады.
Синоптиктердің мәліметінше, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады деп болжанды.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, кей уақытта екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -2-4°С.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +5+7°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0,-2°C, күндіз +10+12°C.