Қызылордада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған тұрғын ұсталды

Полиция қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" операциясы барысында күдікті көлікте тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексергенде 21 жастағы жолаушы қалтасынан өсімдік заты салынған газет бумасын шығарып, жерге лақтырып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ұстау кезінде жолаушы полицейлерге қарсылық көрсетіп, заңды талаптарын орындамай, жиналмалы пышақпен оларға қарай ұмтылған.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен ("Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау") және Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігімен ("Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері") сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сараптамалар тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript