Шетелдік әуе компаниялар отандық бірқатар әуежайға ұшып-қонуда шектеусіз мүмкіндікке ие болды

Әуежай, шетелдік әуе компаниялары, Қазақстан, шектеусіз ұшып-қону , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2023 13:20 Сурет: freepik
ҚР Көлік министрлігінің "ашық аспан" режимін енгізу туралы бұйрығына шетелдік әуекомпанияларына 5-ші дәрежелі "әуе еркіндігін" пайдалану құқығын беру арқылы бұрын-соңды қолданыста болған шектеулерді алып тастауға бағытталған өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, шетелдік әуе компаниялары Қазақстанның бірқатар әуежайына әуе кемелерінің типтері мен 

жиілігіне қарамастан, оның ішінде бағыттар бойынша шектеусіз 5-ші дәрежелі 

"әуе еркіндігімен" ұшуларды орындау мүмкіндігіне ие болды.

"Қолға алынған бұл шаралар бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік беріп, өз кезегінде әуебилеттерінің құнын төмендетуге және ұшу географиясын кеңейтуге ықпал етеді деп көзделіп отыр". ҚР Мемлекеттік авиация комтиеті

Айта кетсек, "Ашық аспан" режимі Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан,Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайларында қолданылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: